Біздің протездерімізді өңдіру кезінде пластикпен, металлмен және композитті материалдармен өндірістік 3D-шығарып басу технологиялары қолданылады, олар протездің құрылымын жеңілдетіп, пайдаланушы сипаттамаларын жақсартады. Біз клиенттеріміздің сұрауы бойынша протез адам келбетінің бір бөлігі болатындай етіп, бұйымдарды жеке дизайны бойынша дайындаймыз.Құралдың ішіне ақылды гаджеттерді саламыз: дисплей, икемді аккумуляторлар, сатып алуды түйіспесіз төлеуге арналған мини-чип, gsm-модуль. Протездің көмегімен мен не істей аламын? Протездеріміздің пайдаланушылары іненің құлағына жіп салу, тырнақты бояу, жазу, самокат пен велосипедті айдау, білдектерде жұмыс операциялар істеу қолынан келеді және одан басқа көп нәрсе істей алады. Протездің ішіндегі қосымша гаджеттердің көмегімен сіз сатып алған заттарыңызды төлей аласыз (протезді терминалға қойып), уақытыңыз бен белсенділігіңізді бақылай аласыз (смарт-сағаттың функциялары).